+
Alina

Қызу желі

6500
РУСКАЗENG
Меню

Мақсат

«Alina» Компаниялар Тобы
 

Біз, «Alina» Компаниялар Тобы - құрылыс материалдарының, компоненттерінің және тұрмыстық химияның өндірісімен және дистрибуциясымен, сондай-ақ электрондық саудамен және мейманшылық саласында қызмет көрсетумен айналысатын көп салалы холдинг.
Біздің қызмет Еуразия Нарығына қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, Топ пен оның қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

 

Біздің Миссия

Біз Мәңгілік Компанияны құрамыз.
Біз өз жұмысымызбен Әлемді жақсарта отырып, алғаннан гөрі көбірек береміз.
Біз әрбір Адамның Өмірін арайландыратын және Қауіпсіздікті, Жайлылық пен Болашаққа сенімділікті қамтамасыз ететін өнімдер мен қызметтерді жасап шығарамыз.
Біз – бизнесті адал және тиімді жүргізудің үлгісіміз.
Біз Компанияның құндылықтарын белсенді түрде сыртқары енгізе отырып, Қоғамда Қарым-қатынастар мәдениетін дамытамыз.

 

Біздің Пайымдау

В 2023 жылы «Alina» Компаниялар Тобы – Нарықтағы ахуал мен ойын ережелерін белгілейтін, тиімділігі мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, қарқынды дамушы бизнес.
«Alina» Компаниялар Тобы - парасатты, сенімді Серіктес, қызметкерлерді кәсіби дамытуға мүдделі және жаңа жұмыс орындарын жасайтын, болашағы зор Жұмыс беруші.

 

Біздің басымдық

Соңғы Тұтынушының өнімдерге және қызметтерге қанағаттануы.

 

Біздің Мақсаттар

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САЛАСЫНДА

1. Қызметкерлердің моральдық және материалдық өркендеуі үшін жағдай жасау және олардың Компанияға және өз Еліне патриоттық сезімін дамыту арқылы біртұтас рух пен ар-намыс кодексіне ие, Еуразиядағы үздік, өздігінен дамитын Кәсіпқой мамандар Командасы құрылды.
2. Сыртқы үміткерлерді Компанияның ішінде құзырет жоқ болған жағдайда ғана тарта отырып, ішкі үміткерлердің өсу және даму жүйесін құру арқылы Компанияның негізгі қызметкерлердегі қажеттілігі қанағаттандырылды.
3. Корпоративтік университет және Тәлімгерлік мектебі құрылды.

 

МАРКЕТИНГ САЛАСЫНДА

1. Тұтынушының санасында бірінші болатын, мықты жеке Брендтерді жасау және дамыту арқылы Компания Еуразия Нарығында көшбасшылыққа жетті.
2. Компаниялар Тобында барлық Брендтердің синергетикалық нәтижесін пайдаланатын маркетинг командасы құрылды.

 

ҚАРЖЫ САЛАСЫНДА

1. ЕДБ қарыз қаражатына қауіпті тәуелділік және дамуға жұмсалатын қаражаттың жүйелі жеткіліксіздігі жойылды.
2. Қаржылық мақсаттарға жетудің арқасында Компанияның қаржы тұрақтылығы қамтамасыз етілді.
3. Экономикалық қызмет сәйкессіздіктерді анықтайды да, стратегиялық және жедел шешімдерді қабылдау үшін оларды мәселелер түрінде тұжырымдайды.
4. Компания қаржы тәуекелдерінен сенімді қорғалған.

 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДА

1. Негізгі бизнес-үрдістер (жоспарлау, бюджеттеу, шарттық қызмет, құжат айналымы) автоматтандырылды.
2. Қаржы көрсеткіштері менеджерлерге Әлемнің кез келген жерінде онлайн режимінде қолжетімді.
3. Қаржылық модельдеу құралы енгізілді.


Мақсаттарымызға жете отырып, Біз өз Құндылықтарымызды сақтаймыз:

  • Адам және Команда
  • Жауапкершілік және Теңдік
  • Реализм және Қауіпсіздік
  • Сенімділік және Анықтық


Мынадай қасиеттерден арыламыз:

  • Нышанасыздыққа төзімділік
  • Өзгеруді қаламау
  • «Шұғыл іс Маңызды істен маңызды» деген көзқарас
  • «Немқұрайлылық»
     

Өзара Сыйластық пен Сенімге, Тәртіп Мәдениетіне сүйеніп, Шапшаңдық пен Қарқындылықты, Бастама мен Аяқталымдықты қамтамасыз ете отырып, Талдау және Болжау арқылы Интуиция мен Көрегендікті дамытамыз.