+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Бірге болу - бақыт!

Мына суреттердің Mountain resort “Oi-Qaragai Lesnaya Skazka” пен «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілерін біріктірген игі де қайырымды тарихы бар.

Келе жатқан 2020 жылдың қарсаңында шипажай қызметкерлері «Ковчег» балалар үйінің 29 тәрбиеленушісіне біздің Snow School тау-шаңғы мектебінің кәсіби нұсқаушыларының жетекшілігімен шаңғы мен сноуборд тебуді үйрену мүмкіндігін риясыз сыйлады. Олар 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап 17 қаңтарға дейін тәлім алған соң, 2020 жылдың 18 қаңтарында жаттығуларын көрнекі сөремен аяқтады. Ең жас үйренушінің жасы төртте болса да, тіпті соның өзі қарлы бөктерде өзін-өзі сенімді ұстауда.

Алғыс ретінде балалар Oi-Qaragai Lesnaya Skazka” командасына біздің тау-шаңғы паркіміз және алған ең жарқын әсерлері туралы суреттерін салып, сыйға тартты, ал біз солармен қуана-қуана сіздермен бөлісіп отырмыз!

 

 

Көңіл-күйіңіз жақсы және демалысыңыз әуезді болсын!