+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЛАКБОЯУ МАТЕРИАЛДАРЫ БРЕНДІ ГРЕТА ТУНБЕРГКЕ СӨЗ ЖОЛДАДЫ

17 қазан күні Алматы екінші жыл қатарынан ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің лакбояу материалдары нарығындағы көшбасшыларының басын қосты. Форум жаңа өнімдер мен қызметтер туралы ой және пайдалы ақпарат алмасу мақсатында нарық мамандарын біріктірді. ТМД елдерінен келген 20 астам спикер мен 70 қонақ 16 сағат бойы саланың негізгі мәселелері мен трендтерін талқылады. Лакбояу өнімдерінің отандық брендтерінің бұрыннан қызмет етіп келе жатқан өкілдерінің бірі "Alina Paint" компаниясы швециялық оқушы Грета Тунбергке қолдау сөздерін білдірді.

«Бизнестің мәні тауарлар мен қызметтерге қосымша құн салу арқылы пайда табу ғана болып табылмайды. Бүгін біз тұрақты болып қалу үшін және, кем дегенде, уақыт кепілдіктерін беруге құқылы болу үшін, жоқ дегенде, бір буын алға ойланатын заманда өмір сүріп жатырмыз, - деді  «Alina Group» ЖШС жарнама және PR бөлімінің басшысы, Майя Леонова, - Грета Тунберг дұрыс айтады – келешек ұрпақ сіз бен біз құрып жатқан әлемде өмір сүрмек».
2019 жылдың 5 маусымында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана ЭКСПО» аумағында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ «Экология және жасыл экономика көшбасшы» ұлттық конкурсының нәтижелерін жариялады. «ЭКО-ӨНДІРІС» номинациясында Қазақстандық Alina Paint лакбояу өнімдері бренді жеңімпаз атанды. Бренд өкілдері Төралқа Төрағасы Әлия Назарбаеваның қолынан марапат алды. Қазылар алқасының бағалауына Компания жүзеге асырған 35 астам экологиялық бастамалар ұсынылды, олардың кейбіреулері ғана форумда аталып өтті:

  • ●     «Alina» Компаниялар Тобының көптеген технологиялық жолдары, цехтері, зауыттары еуропалық жабдықтармен және аспирациялық қондырғыларымен жабдықталған.
  • ●     Суэмулсия бояулар өндірісінде Alina Paint суды пайдаланылады, бірақ бұл процесс ағынды суларды тазарту және қайта пайдалану қондырғысының арқасында жабық циклде жүреді, бұл судың ластануының толығымен алдын алады.
  • ●     Компанияда «Пайда болатын өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану және кәдеге жарату саясаты» қолданылады. Қалдықтар фракциялар бойынша сұрыпталады және өңделген майлар, полиэтилен, картон, биг-бэги, бөшке сияқты қалдықтар қайта пайдалануға жіберіледі.
  • ●     Ақтөбе облысындағы «Alina» Компаниялар Тобының гипс карьерінің электрқорегі күн панельдері мен жел генераторлары арқылы алынады.
  • ●     «Alina» Компаниялар Тобының автокөлік техникасы газға ауыстырылған және дизель мен бензин отынынан шығатын газдарды бөлмейді.
  • ●     Өндіріс алаңдары мен кеңсе жайларында Компаниялар Тобы қауіпті люминесценттік шамдардан бас тартып, оларды қауіпсіз жарықдиодты шамдарға алмастырды.
  • ●     Компанияда жыл сайын көгалдандыру шаралары өткізіледі, жалғыз 2018 жылдың өзінде «Alina Group» ЖШС қаражатына 1000 астам ағаш отырғызылды.
  • ●     «Alina Paint» бренді «Таза Отан» экологиялық қозғалысының белсенді қатысушысы болып табылады, оның аясында белсенділер 16 жылдан бері жыл сайын бүкіл Қазақстандағы азаматтық қоғамдық демалыс орындарын тазартып келеді.
  • ●     16 жылдан бері Қазақстанның және Қырғыз Республикасының 19 қаласында Компания өкілдері мамандандырылған колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне құрылыс-әрлеу материалдары мен лакбояу өнімдерін қолданудың заманауи тәсілдерін оқытып келеді.

«Брендтің іргетасы 16 жыл бұрын қаланған болатын және бұл дұрыс шешім болды. Біздің сатып алушыларымыз Alina Paint өнімдерін жалғыз эксплуатациялық қасиеттері үшін ғана емес, сонымен қатар жастарды да қатты алаңдататын экологиялық параметрлері үшін таңдайды. «Alina Paint» брендінің идеясы: Арманды ғажап түрде жүзеге асыру. Сондықтан, мен өз сөзімді Грета Тунбергке және барлық болашақ ұрпақтарға деген жолдаумен аяқтағым келеді, - деді Майя Леонова, - Грета, біз сіздің үмітіңізді ақтаймыз!».