+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Чемпионат по футболу 2019 Группы Компании «Alina»

«Alina» Компаниялар Тобында 2019 жыл Денсаулық жылы эгидасымен өтуде. Салауатты өмір салты мен белсенді өмір сүру ұстанымы әрдайым Алинашылардың басты корпоративтік құндылықтарының бірі болған. Нақ осы спорт командалық рухтың, өзара көмектің және жаныңдағы әріптесіңнің сенімді қолдауын сезу әлеуетін барынша ашады!

23 маусым күні «Спартак» спорт стадионының аумағында «Alina» Компаниялар Тобының алғашқы Брендтер кубогы өтті. Чемпионатқа 5 Брендтік команда қатысты.  Қажырлы күресте алтын медальды «Таза Отан» экологиялық қозғалыс командасы иеленді, күміске MountainResort “Oi-Qaragai Lesnaya Skazka” футболистері қанжығасына байлады, ал үшінші орында үнемді жөндеуге арналған құрғақ құрылыс қоспалары Брендінің «НАШИ» командасы  алды.

30 жыл бойы біз әртүрлі спорттық іс-шараларды өткізіп келеміз. «Alina Legion» рафтинг командасы бірнеше халықаралық және республикалық жарыстардың жүлделі орындарына ие болды, көптеген жылдар бойы Oi-Qaragai Lesnaya Skazka ат-спорт чемпионаттарын қолдауда, ал биылғы жылдың маусым айында шипажай өз аумағында ат спорты бойынша алғашқы республикалық жарыстарды өткізді. 2015 жылы НАШИ Бренді құрылыстарға арнап армрестлингтен жарыстарды ұйымдастырды. Біздің филиалдардағы футбол командаларымыз бірнеше рет қалалық чемипионаттардың жеңімпаздары атанды. Жалпы Қазақстан бойынша 2 600 қызметкеріміздің ішінде 500 Алинашы білікті спортшылар болып табылады!