+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Қазақстандағы ең танымал сыр-бояу өнімдерінің бренді «Экология мен жасыл экономика көшбасшысы» конкурсының жеңімпазы болды

5 маусым 2019 жылы Нұр-Сұлтан қ. «Астана ЭКСПО» аумағында «Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТҚ «Экология мен жасыл экономика көшбасшысы» ұлттық конкурсының  нәтижелерін жариялады. «ЭКО-ӨНДІРІС» номинациясында жеңімпаз болып Alina Paint сыр-бояу өнімдерінің қазақстандық бренді танылды. Бренд өкілі сыйды Президиум Төрайымы Әлия Назарбаеваның қолынан алды. 

Конкурс Миссиясы болып экологиялық таза Қазақстанды дамытуды жан жақты қолдау және мемлекет, азаматтық қоғам, ғылым және бизнес әлеуеттерін біріктіру жолымен экологиялық мәселелерді шешуге көмектесі табылады.

Конкурс әділ қазылар алқасының құрамына экология, «жасыл экономика» және тұрақты даму саласының мамандары кірді. Таңдаудың басты критерийі болып тұрғындар мен орналасу ортасы үшін жүзеге асырылған шаралар мен жобалардың тиімділігі мен пайдасы табылды.

Өзінің болмысының 16 жылы барысында Alina Paint Бренді адам мен табиғат үшін мүлдем қауіпсіз болып табыла отырып, қазақстандық сыр-бояу өнімдерін өндірушілердің арасында көшбасшы орнын бермеуде.

  •    ●      «Alina» Компаниялар Тобының технологиялық желілеріміздің, цехтерінің, зауыттарының көбі сапалы өнімді шығарып қана қоймай, қоршаған ортаның қамын ойлау мүмкіндігін де беретін еуропалық құрал-жабдықтармен және аспирациялық қондырғылармен жабдықталған.
  •    ●      Alina Paint су эмульсиялы бояуларының өндірісінде су пайдаланылады, бірақ процесс су ресурстарының ластануын мүлдем жоққа шығаратын төкпе суларды тазарту және қайта пайдалану есебінен тұйық циклмен жүзеге асырылады;
  •    ●      Alina Paint Бренді өзінің аясында Компания қызметкерлері бүкіл Қазақстан аумағында қалалықтардың демалу орындарын тұрмыстық қоқыстан тазартатын «Таза отан» экологиялық қозғалысының белсенді қатысушысы болып табылады.
  •    ●      2014 жылы Бренд өзінің аясында бояудың әр килограммынан түскен пайдадан 1 теңге арнайы құрылған «Қазақстанды көгалдандыру Қорына» түсіп отырған «Жасыл марафон» ауқымды науқанын өткізді. Науқан нәтижелері бойынша Қор қаражаттарының 100% ағаш көшеттерін сатып алып, Қазақстанның 18 қаласында отырғызуға жұмсалды.
  •    ●      2013-2014 ж.ж. аралығындағы кезеңде Alina Paint «Эко-Аула» жобасының тұрақты серіктесі болды, оның аясында Алматының 50 астам балалар алаңы абаттандырылды.
  •    ●      Компанияда «Жиналған өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану және кәдеге жарату Саясаты» енгізілген. Қалдықтар фракциялар бойынша сұрыпталып, пайдаланылған май, полиэтилен, картон, биг-бэг, бөшкелер сияқты қалдықтар қайта пайдалануға жіберіледі;
  •    ●      Ақтөбе облысында «Alina»  Компаниялар Тобының гипс карьерінің электр қорегі  күн батареяларының және жел генераторының есебінен жүзеге асырылады;
  •    ●      Компания тоқсан сайынғы негізде аккредитацияланған зертханаларды жалдай отырып, өндірістік алаңдарының қатаң экологиялық мониторингін өткізеді;
  •    ●      Оған қоса, «Alina»  Компаниялар Тобының автокөліктік техникасы газға ауыстырылған және пропан-бутанды өртеуден әлдеқайда зиянды дизельді және бензинді жанармайдан болатын түтінді жоққа шығарды;
  •    ●      Жыл сайын Компанияда көгалдандыру бойынша шаралар өткізіліп, ол шараларға орасан қаражат бөлінеді, 2018 жыл нәтижесі бойынша қылқанды және жапырақты тұқымды 1000 астам ағаш отырғызылды;
  •    ●      Компаниялар Тобының өндірістік алаңдарында және офис жайларында қауіпті люминесцентті шамдарды пайдаланудан бас тартып, оларды  қауіпсіз ЛЭД-шамдарына ауыстырды;
  •    ●      Оған қоса, Компаниялар Тобының барлық офис жайлары қозғалыс датчиктерімен жабдықталып, олар өз кезегінде электр қуатын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Брен Директоры, Анна Шевцова атап өткендей - «Брендіміздің өнімдерін өндіру барысында Табиғаттың қандай ресурстарын пайдаланатындығымыз жайында ойлаған сайын, біз Әлемге қайтаруымыз тиіс қарыз жөнінде ұмытпаймыз. Alina Paint  экологиялық жауапкершілігі – бизнестің маңызды құрам бөлігі және табиғат пен оның жомарттығына: «Рахмет» деп айту мүмкіндігі».

Бүгінгі таңда Alina Paint топтамасы қазақстандықтар ұнатып қалған сыр-бояу өнімдері мен сәнді сылақтың 30 астам түрін қамтиды.

 

Толығырақ ақпаратты сіздер «Alina» Компаниялар Тобының баспасөз қызметінен ала аласыз
Хатия Хурция, Жарнама және PR бөлімінің PR-Маманы
Майя Леонова, Жарнама және PR бөлімінің басшысы
pr@alina.kz
www.alina.kz
www.alinapaint.kz