+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Еліміздегі құрылыс-әрлеу материалдарының ең ірі өндірушінің қызметкерлері «Таза отан» экологиялық қозғалысы аясында 20 тоннадан астам қоқыс жинады

2019 жылдың 1 мамырында Алматыда, Іле өзенінің жағасында 16-рет «Таза отан» экологиялық қозғалысының акциясы өткізілді. Эко-акцияға «Alina» Компаниялар Тобының 400 астам қызметкері, олардың туыстары мен достары қатысты. Алматылық шара эстафетаны Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының 18 қаласындағы «Alina» КТ қызметкерлеріне табыстады. Компания еріктілері Іле жағасының 10 км астам аумағын тазартып, 2018 жылдың маусымында демалушылармен қалдырылып кеткен 5 КАМАЗдан артық тұрмыстық қалдықтарды шығарды.

«Таза Отан» - «Alina» Компаниялар Тобының Президентімен 2004 жылы ұйымдастырылған жоба. Қазіргі таңда ол адамның қоршаған ортаны ластау мәселесіне төзбейтін мыңдаған қазақстандықты басын қосқан. Жоба аясында бүкіл ел бойынша ондаған шаралар өткізіледі: өзен жағалары, тау шатқалдары, балалардың демалыс базалары, орман массивтері, демалыс көгалдары және шартсыз таза болулары тиіс өзгедей орындар тазартылады. Мысалы, 2018 жылы Шымкент қаласындағы балалар лагерінің аумағынан қозғалыс белсенділерінің күшімен - 300 кг астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сол жылы Петропавл қаласында тазартылған қоқыс көлемі 2000 кг жетті. Қарағандыда - 5000 кг астам, Павлодарда - 600 кг астам, Өскеменде - 300 кг астам. Қостанайды - Тобыл өзенінің жағасы 2000 кг астам қоқыстан тазартылды. 2018 жылы Іле өзеніндегі «Таза Отан» жобасына 500 астам адам қатысып, 8 КАМАЗ қоқыс шығарылды.

Он бес жылдан бері «Таза Отан» қозғалысына өндірістің экологиялық нормаларына ортақтасатын жеке компаниялар, БАҚ, брендтер және Таза Елде тұрғысы келетін қарапайым адамдар қосылуда.

«Таза Отан» әлеуметтік жобасының ұраны: Таза елде өмір сүргің келсе  - өзінен баста!

Анықтама ретінде:

Адам мен Табиғатқа қатысты әлеуметтік жауапкершілік холдинг қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. «Alina» Компаниялар Тобында енгізілген экологиялық жобалар:

  •    ●      Технологиялық желілердің, цехтердің, зауыттардың көбі еуропалық құрал-жабдықтармен және аспирациялық қондырғылармен жабдықталған, бұл сапалы өнімді шығарып қана қоймай, қоршаған ортаның қамын ойлау мүмкіндігін береді.
  •    ●      Компанияда «Өндірістің қалыптасатын қалдықтарын қайта пайдалану және кәдіге жарату саясаты» енгізілген. Қалдықтар фракциялар бойынша сұрыпталып, пайдаланылған майлар, полиэтилен, картон, биг-бэгтер, бөшкелер сияқты қалдықтар қайта пайдалануға жіберіледі;
  •    ●      Ақтөбе облысындағы «Alina» КТ гипс карьерінің электр қорегі күн батареялары мен жел генераторы есебінен жүзеге асырылады;
  •    ●      Су-эмульсиялы бояулар өндірісінде су пайдаланылады, бірақ процесс су ресурстарының ластануын толықтай жоққа шығаратын төкпе суларды тазарту және қайта пайдалану қондырғысының арқасында тұйық цикл бойынша жүзеге асырылады;
  •    ●      Компания тоқсан сайынғы негізде аккредитацияланған зертханаларды жалдай отырып, өндірістік алаңдардың қатаң экологиялық мониторингін жүргізеді;
  •    ●      «Doctor Green» тұрмыстық химиясының өндірісі «экологиялық таза өнім» стандарты бойынша жүзеге асырылады және нормативтерге толықтай сәйкес болу үшін Бренд түтін газдарының шығарылуын жоққа шығарған. Тұрмыстық химия цехінде электр карлар пайдаланылады;
  •    ●      Оған қоса, Компанияның авто көлік техникасы газға ауыстырылған және пропан-бутанды өртеуден әлдеқайда зиянды дизельді және бензин жанармайларынан болатын түтін газдарының бөлінуін болдырмайды;
  •    ●      Жыл сайын Компанияда көгалдандыру шаралары өткізіліп, ол мақсаттарда қаражат бөлінеді, 2017 жыл нәтижелері бойынша қылқанды және жапырақты тұқымды 1000 астам ағаш отырғызылды;
  •    ●      Компаниялар Тобы өндірістік алаңдар мен офис жайларында қауіпті люминесцентті шамдарды пайдаланудан бас тартып, оларды қауіпсіз ЛЭД-шамдармен алмастырды;
  •    ●      Оған қоса, Компаниялар Тобының барлық  офис жайлары қозғалыс датчиктерімен жабдықталған, олар өз кезегінде электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз етеді;

 

«Alina» Компаниялар Тобы Ұлттық бәсекелестік қабілетке ие чемпиондарының 7-қатарына кіреді. Компания 23 жыл бұрын құрылған және Қазақстанның 18 ірі қаласында, Өзбекстан мен Қырғызстанда нәтижелі жұмыс істеуде. Компания шикізатты өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнімді түпкілікті Пайдаланушыға сатуға дейінгі толық циклінің арқасында Орталық Азияда құрылыс материалдарын өндіруде көшбасшы болып табылады. Құрамында жеке зертханалары бар ғылыми-техникалық инновациялық орталық («Өнертабулар Фабрикасы» ҒТИО) Компаниялар Тобының құрылыс-әрлеу материалдарының барлық брендтерінің сапасының көп деңгейлі бақылауын қамтамасыз етеді. «Alina» КТ өнімдерінің ассортименттік топтамасына: AlinEX және НАШИ құрғақ құрылыс қоспалары, лак-бояу өнімдері, Alina Paint сәнді бояулары мен сырлары, G-Ex минералды шикізаты кіреді.

 

Қосымша ақпаратты алу үшін сіз «Alina» Компаниялар Тобының баспасөз қызметімен хабарласа аласыз:
Хатия Хурция, PR маман, маркетинг департаменті.
Тел.:+7 (727) 258 28 32, ішкі 1096. Ұялы:+7 777 399 399 3. Khurtsiya.kh@alina.kz
Майя Леонова, Жарнама және PR бөлімінің басшысы.
Тел.:+7 (727) 258 28 32, ішкі 1417, Ұялы: +7 705 625 25 28, Leonova.M@alina.kz