+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

2019 ЖЫЛДЫҢ 5 ҚАҢТАР КҮНІ «OI-QARAGAI LESNAYA SKAZKA» РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ ҮЛКЕН ШАҢҒЫ БАЗАСЫН АШТЫ

2019 жылдың 5 қаңтарында Mountain Resort «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» ресми түрде Қазақстанның ең үлкен мақтанышы болуға дайын шаңғы базасын ашты. Шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келді.

85 гектар аумақта күрделілігі әртүрлі 15 шаңғы жолдары, теңіз деңгейінен 1550-ден 1820 метр арасындағы биіктікке көтерілетін 11 лифт, сондай-ақ жергілікті және шетелдік туристерге демалу және тұрудың жақсы дамыған инфрақұрылымы құрылған. Кабельдік жолдардың өткізу қабілеті тәулігіне 1800 адамға жетеді, соған қоса курорт бірдем 5000 қонақ қабылдай алады. Курорттағы ең ұзын шаңғы жолының ұзындығы 1200 метрге жетсе, 904 метрге созылған канат жолы Doppelmayr Garaventa Group атты әлемдік жетекші өндірушісімен құрылған.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тау шаңғысы курортының ресми ашылу рәсіміне қатысты. «Мемлекет басшысының Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының XV форумында берген тапсырмасына сәйкес біз «Қазақ туризмі» ұлттық компаниясы және Алматы облысының туристік кластер қауымдастығымен ынтымақтастықта тау кластерін құруға арналған Мастер-планын әзірлеуді бастадық. Бұл жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай Алматы облысына туристер ағынын 4 миллионға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Соған қоса, Алматы облысының таулы кластері республикалық туризм картасының үздік 10 перспективті жобасына кіреді. Бұл жоба аймақтағы туризмді дамытуға лайықты үлес қосады», - деді өз сөзінде Әкім.

Mountain Resort «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» 2008 жылғы 10 шілдеде құрылды және «Alina» компаниялар тобына кіреді. Мемлекеттегі ең ірі тау шаңғысы паркін аша отырып, «Alina» компаниялар тобының президенті Ерлік Балфанбаев курортты құруға қатысқандардың барлығына алғысын білдірді: «Біздің тау шаңғысы базасының құрылуына, курорттық қызметкерлермен, мердігерлермен, кеңесшілермен және серіктестермен қоса 1000-нан астам адам үлесін қосты. Қазақстандық және шетелдік қонақтардың өздерін жайлы әрі жақсы сезінуі үшін жан-тәнімізді әр нәрсеге бөлдік. Біз әлемдегі үздік курорттардың тәжірибесіне сүйеніп керемет курорт жасауға тырыстық! Таңғаларлық ландшафт және қайталанбас табиғат, жолдар мен лифттердің әртүрлілігі, еуропалық жабдықтар мен білікті мамандар - «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» ең жақсысын біріктіре білді».

Курорттың балалар бағытындағы қызметі абсолютті қауіпсіздікке, кішкентай қонақтардың оқу үрдісін қызықтыруға арналған еуропалық оқыту әдістері мен ойын-сауық әдістеріне негізделген. «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» шаңғы мектебінің барлық нұсқаушылары шаңғы және сноубордингтің еуропалық әдістерін үйрету үшін кәсіби сертификациядан өтті. Курорт аумағында әлемдік Head, Rossignol и Fisher брендтерінің жабдықтарды жалға беру және жабдықтау бойынша 4 бөлімі орналасты.

 

«Oi-Qaragai Lesnaya Skazka»: Бақыт – бірге болу!

Егер сіз info-турды өткізу туралы немесе «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» тау курорты туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, төмендегі ақпарат бойынша бізге хабарлаңыз: Жарнама және PR жетекшісі Майя Леонова +7 705 625 25 28, Leonova.M@alina.kz, https://oi-qaragai.kz/ru/