+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Lesnaya Skazka алматы облысында жыл бойы жұмыс істейтін жаңа тау-шаңғы курортын ашады

«Апорт-Ақтас» тау-шаңғы курортының үлгісі мен құрылысының жоспарымен Алматы облысының әкімі Амандық Батталовқа осы жобаның бастамашысы, кәсіпкер Ерлік Балфанбаев таныстырды.

«Жаңа курорт – Талғар ауданындағы «Lesnaya Skazka» жобасының дамытылған түрі. Е.Балфанбаевтың айтуынша, жоба аясында 12 арқанжол, ұзындығы 31 км тау-шаңғы трассасын, сондай-ақ 700-ден астам төсек-орны бар қонақүйлер, мейрамханалар, кафелер мен т.б. салу жоспарланып отыр. Курортқа келушілердің жобаланған саны жылына – 724 мың адам, яғни күніне 12 мың адам. 600-ден астам жұмыс орны болады» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кешеннің ең басты ерекшелігі – оның жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуі. Тау-шаңғы курорты жылдың төрт маусымында да жұмысын тоқтатпайды. Қысқы кезеңнің тақырыбы – тау шаңғысы, хоккей, конькиде сырғанау, ал жазғы кезеңде велосипедпен, атпен серуендеу және т.б., яғни жазда шаңғы трассасы велосипедпен серуендеуге арналады. Осылайша, курорт туристердің жыл бойы демалыс орнына айналуы керек.

Облыс әкімі Амандық Батталов айтқандай, туризмнің дамуы – жоспарланған жұмыстардың ең маңызды бастамаларының бірі болып табылады.

«Алматы облысына жуырда ғана жасаған сапарында Мемлекет Басшысы аймақта бар туристік әлеуетті барынша пайдалануды міндет етіп қойды, оның ішінде тау туризмін де қарқынды түрде дамыту керектігін айтты. Бүгін ұсынылған тау-шаңғы курортының инфестициялық жобасы қойылған міндетті іске асыруда аса маңызды жоба болып табылады.Оның жұмысы көп жағдайда туристерді жаппай қызықтыруға ықпал етеді. Сонымен бірге бұл жаңа жұмыс орындары, инвестициялар, ең бастысы, тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту» деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақтың әкімі инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша қажетті көмек көрсетілетінін де айтты. Яғни бұл көлік жолдары, электрмен, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесіне қатысты жұмыстар.