+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

«Интертұрмыстықхимия-2018» халықаралық көремінде Doctor Green 3 алтын және 1 күміс алқаға ие болды

Doctor Green сауда белгісінің халықаралық деңгейдегі көрмеде ең ірі жеңімпаздардың бірі болғандығын асыға хабарлағымыз келіп отыр! 2018 жылы 14-16 ақпанда Мәскеу қаласында «Олимпийский» СК-де «Интертұрмыстықхимия-2018» халықаралық көрмесінде Doctor Green экологиялық тұрмыстық химия сауда белгісі 3 алтын және 1 күміс алқа алды. Ең үздік деп танылған үй мен дене күтіміне арналған 4 өнім:

- Ыдыс жууға арналған сұйық зат
- Ақ түсті киімдерді жууға арналған сұйық зат
- Түрлі түсті киімдерді жууға арналған сұйық зат
- Киімдерді жууға арналған шайғыш кондиционер

ИНТЕРТҰРМЫСТЫҚХИМИЯ – кеңестік кеңістіктегі жеке тазалық заттары мен тұрмыстық химия тауарларын өндіру және сатумен айналысатын кәсіпорындар үшін бірден-бір халықаралық мамандандырылған салалық көрме болып табылады.

Көп жылдан бері көрме тұжырымдамасы бір сөйлеммен-ақ бейнеленеді: «Шикізаттан соңғы өнімге дейін!». Бұл көрменің маңыздылығын анық түсіндіріп береді. Көрмеде өнімнің өндірілу технологиясы мен оның пайдалану барысын толық көруге болады.

Мұнда қаптамалар, құрал-жабдықтар, шикізат өндірушілер мен жеткізушілердің, сондай-ақ жайын өнімдердің тізімі ұсынылған.

Салалық көрме — салалық қауымдастыққа енетін компаниялар арасындағы өзара әрекеттестіктің ерекше арнасы. Мұндай іс-шараны өткізу кәсіпорынның өндірістік әлеуетін аса үлкен дәрежеде ашуға, өте көп күш салған жерлерін көрсетуге, тек жаңа серіктестерді ғана емес, сонымен қатар инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Бұл көрмедегі жеңіс біздің өнімді Қазақстаннан тыс аймақтарында да жоғары бағалайтындығын білдіреді. Демек, бұл – біз шынында да адамдарға пайдалы өнімдерді шығара аламыз деген сөз. Бізбен бірге болғаныңызға рақмет!