+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Алина футбол кубогы: Қаратау – чемпион!

12 тамызда Алматыдағы «Спартак» стадионында футболдан Alina Group кубогының финалдық ойындары өтті. Спорттық тартыстың нәтижесінде финалға шыққан 6 команданың арасынан Чемпион анықталды. Команданың әрбір матчы ойластырылған стратегиясымен, өткір шабуыл тактикасымен ерекшеленді.
Реакция жылдамдығы, батылдық, ойыншылардың керемет үйлесімділігі тамаша нәтиже берді.
Чемпион атағы үшін өткен «Қаратау-Oi-Qaragai» командасының шешуші ойыны төрешінің ақтық ысқырығы естілгенше көрермендерді дүбірлетіп тұрды. 
Үшінші орын үшін тартыста Семей мен Ақтөбе командалары өте әдемі голдарымен керемет ойын көрсетті. Жылдам пастар мен қарсы шабуылдардан тек ойыншыларды ғана емес, осы көрініске куә болғандардың барлығын таң қалдырды.
Барлық командалар Алиналық нағыз қасиеттерін көрсетті: көшбасшылық, ынтымақтастық, жауапкершілік  және нәтижеге назар аудару. 
Alina Group-2023 Чемпионатының жеңімпаздарын құттықтаймыз! 
1 орын – Қаратау қаласы филиалының командасы 
2 орын – Oi-Qaragai командасы 
3 орын – Ақтөбе қаласы филиалының командасы