+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Oi-Qaragai-да ерекше қонақтар

100 ерекше балалар мен олардың ата-аналары Oi-Qaragai отбасылық Курортына келді. Кішкентай саяхат кезінде барлық балалар 1820 көру алаңдарына бара алды, әлемдегі ең үлкен киіз үйде түскі ас ішті, Курорттың ат спорты орталығына барды және арқанның "шытырман оқиғалы саябағы" маршруттарының бірін өте алды.

Бұл сапарды ұйымдастырушылар Oi-Qaragai командасы қабылдап және назарларын аударғаны үшін үлкен алғыс білдірді. Біз өз кезегімізде осы ерекше балалар мен олардың ата-аналарына өте қажет қайырымдылық белсенділікті қолдадық.

Alina Group компаниясы үшін әлеуметтік жауапкершілік барлық қызметтің маңызды бөлігі болып табылады, ал Oi-Qaragai отбасылық Курортында кішкентай армандарды жүзеге асыру компания қызметкерлерінің ерекше қуанышы! 

Күні бойы балалар, ата-аналар мен компания қызметкерлері бір – біріне керемет эмоциялар мен жылулық сыйлады, ең бастысы, барлық кішкентай қонақтар Oi-Qaragai келушілерін шын жүректен біріктіретін Курорттың ұранын үйренді-БІРГЕ БОЛУ БАҚЫТЫ!