+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Oi-Qaragai-да алтын жастағы 25 қонақ!

Халықаралық қарттар күні қарсаңында сүйікті Oi-Qaragai отбасылық Курорты маңызды қонақтарды – "Қамқор"әлеуметтік үйінің 25 атасы мен әжесін қабылдады. Бұл жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектердің, күтімге, тұрмыстық және медициналық көмекке мұқтаж зейнеткерлік жастағы жалғызбасты ерлі-зайыптылардың тұрақты тұруына арналған жайлы үй. 

Жаны жас қонақтар аспалы жолға қуана мініп, Курорттың ең биік нүктелеріне - теңіз деңгейінен 1820 метр биіктіктегі бақылау алаңдарына барды, шатқалдың сиқырлы жерлерін аралап, тауларды қоршап тұрған күзгі түстерді тамашалады және, әрине, әлемдегі ең үлкен киіз үйде – Ақ Ауыл мейрамханасында дәмді түскі ас ішті. 

Біздің отбасылық Курортта осындай маңызды қонақтарды қарсы алу, оларға үлкен Отанымыздың сұлулығын көрсету, олардың көздерінен бақыт пен ризашылықты көру, осының бәрін Oi-Qaragai әр қонаққа жомарттықпен беруі біз үшін үлкен мәртебе.