+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Alina Group Қостанай облысының тұрғындарына 6 тоннадан астам гуманитарлық көмек бөлді

Алматы әкімдігі мен елордалық Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қостанай облысындағы өрт салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау туралы жариялады. Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі азық-түлік, ұзақ сақталатын азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиена құралдарын, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарын жинап жатқандығы жайында естеріңізге сала кетейік. Alina компаниялар тобы көмек туралы өтінішке біріншілер қатарында атсалысып, зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына көмек көрсету үшін өнім көлемін бөлді.

6.09.2022 жыл Alina Group қызметкерлері әкімдік өкілдеріне 6 тоннадан астам Doctor Green тұрмыстық химиясын табыстады. «Біз Қостанай облысындағы жағдай барысын және құтқару жұмыстарына тартылған өрт сөндірушілердің ержүрек әрекеттерін күн сайын қадағалап отырамыз, - деп атап өтті Alina Group баспасөз қызметінің басшысы Хати Хурция, - біздің Компания 32 жыл бойы қиын өмірлік жағдайға тап болған отандастарымызға үнемі көмек көрсетіп келеді. Біздің ойымызша, игі істер мен өзара көмек мәдениеті - бизнес пен халықтың берік қарым-қатынасының негізін құрайды».

Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшылығы қала тұрғындарын акцияға қосылуға және Қостанай облысында зардап шеккен отбасыларға көмектесуге шақырды. Көмек көрсетуге, ерікті болуға немесе азық – түлікпен қамтамасыз етуге көмектескісі келетіндердің барлығына ұйымдастырушылар +77074387733 нөмірі бойынша Алматы қаласы еріктілер фронт-офисінің басшысы Нұрсұлтан Болатұлына телефон шалуды сұрайды. Сонымен қатар, алматылық еріктілер қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, Қостанай облысында жүк жинау үшін арнайы қоймалар ұйымдастыратын және халыққа көмек тарату жұмыстарын жүргізетін болады.