+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

ALINEX БРЕНДІ ЖАҢА ӨНІМ – ГИПС ЖАЛКІЛТЕЛІК ТАҚТАЛАРЫН (ЖКТ) ЖАҢА ЗАУЫТТА ӨНДІРУДІ БАСТАДЫ

Құрылыс-әрлеу материалдарының ірі отандық өндірушісі Alina Group Тараз қаласында жалкілтелік тақталардың (ЖКТ) өз өндірісін іске қосты. 

Жаңа өндірістің әлеуеті өңірдегі қазақстандық өндірістің кәсіби құрылыс-әрлеу материалдары мен бөлмеаралық қабырғаларға деген сұранысты өтейді.

Зауыт жылына 380 000 м2 жалкілтелік тақталарды шығаруға қабілетті. Зауыттың жабдықтарын 30 жылдан астам уақыт бойы гипс өнеркәсібіне арналған өндірістік желілерді әзірлейтін, жасайтын және іске қосатын француздық Alphaplatre компаниясы ұсынады.

Жалкілтелік тақталар (ЖКТ) ішкі және басқа да интерьерлік арақабырғаларды монтаждау үшін пайдаланылатын гипстік панель болып табылады. Жаңа өндіріс негізінде, AlinEX Бренді 4 түрлі тақталардың ЖКТ-ын шығаруды бастады:

  • Қалыпты жағдайлар үшін, құрғақ жылытылатын үй-жайларда: жатын бөлмелерде, кіреберістерде, дәліздерде, қонақ бөлмелерде, кабинеттерде және т. б. бөлмеаралық арақабырғаларды салу үшін қолданылады (толық және қуыс).
  • Ылғалға төзімді, ылғалдылығы жоғары бөлмелер үшін ванна бөлмелері мен санитарлық тораптарда бөлмеаралық арақабырғаларды салу үшін қолданылады. Олар да, сондай-ақ, 2 нұсқада қол шығарылады: толық және қуыс.

Жал-кілте жұбының жанасуының дәлдігінің арқасында ЖКТ-нан жасалған арақабырға кеңістіктегі жазықтықта ауытқушылықсыз құрастырылады, немесе ауытқушылықтар аз.  ЖКТ-нан жасалған арақабырға 100 кг-ға дейінгі аспалы жиһаз бен декор заттарының салмағын көтереді. 

2022 жылы өнім құрылыс саласының нағыз кәсіпқойлары жоғары бағалап үлгерген екі қазақстандық және бір халықаралық көрмелерде ұсынылды.

Alina Group Қазақстан Республикасында жалкілтелік тақталардың жалғыз өндірушісі болып табылады. Жақын арада AlinEX ЖКТ-сын Алматы, Шымкент, Талдықорған, Тараз және Нұр-Сұлтан қалаларының құрылыс нарықтары мен орталықтарынан сатып алуға болады.