+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

AlinEX Қазақстанның ірі құрылыс оқиғасында

25-27 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 250-ден астам экспонент қатысқан Astana Build 22-ші Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер көрмесі өтті.

Alina кәсіпқойлары көрме қонақтарына AlinEX портфеліндегі жаңа өнімді – жал кілтелі тақта (ЖКТ), қалқаларды тұрғызуға арналған ірі форматты құрылыс материалдарын көрсетті. ЖКТ-ны іс жүзінде сынау мүмкіндігі бар AlinEX брендінің интерактивті стендіне 3 000-нан астам адам келді.

«Astana Build көрмесі AlinEX жаңа өнімін ілгерілетуге оң әсерін тигізеді деп күтеміз. Біз үшін бұл көрме ТМД елдерінен келген қонақтарға таныс материалдарға тамаша балама ретінде жал кілтелі тақтаның мүмкіндіктерін көрсетудің тамаша мүмкіндігі болды», – деп атап өтті AlinEX брендінің директоры Виктор Мирошниченко. 

AlinEX - тек нағыз кәсіпқойлар үшін. Уақытпен тексерілген.