+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Таза Отан 2022: «Таза елде тұрғың келсе – өзіңнен баста!»

7 мамырда Алматыда 400 Алинашы көптен күткен «Таза Отан 2022» оқиғасына қатысты. Іле өзенінің 10 шақырымдық жағалауы бастапқы күйге келтірілді. Алинашылардың қолымен 4000 астам қап қоқыс пен қалдықтар жиналып, арнайы полигонға апарылды.

Таза Отан 19 жылдан бері тек қана алинашылармен байланысты оқиға болып табылады. Және әсіресе жылдан жылға осы жобаға қосылып жатқан адамдар қатарының көбейіп жатқаны және алинашылар сияқты адалдық, қолдау, басқа адамдарға және өз байлығын беріп жатқан жеріне деген қамқорлық сияқты біздің кәсіби сәйкестік кодексімізде – менеджер кодексінде белгіленген қасиеттерді бойына сіңіріп жатқаны қуантады. Келер ұрпаққа ең жақсы қасиеттерді дарытып, адам болу және адам боп қалу – бізді бірегей, танымал және кәсіпқой етіп отырған қасиеттер осы.

Алғаш рет іс-шараға 100-ден астам бала қосылды. Демек, жоба құрылғалы бері қазақстандықтардың екінші буыны үшін игі дәстүрге айналды деген сөз.

Пандемия кезінде екі жыл бойы біз Таза Отан жобасын өз үйлеріміздің жанында, аулаларымызда және көшелерімізде өткізіп жүрдік. Осындай ұзақ үзілістен кейін қатарынан 19-шы жыл бойы Таза Отан Қазақстан мен Қырғыз Республикасының 19 қаласымен адымдап келеді!

Біз Alina өкілдігі бар әртүрлі қалалардан келіп түскен фоторепортаждармен сіздермен қуана-қуана және мақтанышпен бөлісудеміз және әрқайсыңызға осы орасан зор әрі игі іске қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

Асель Наруш
Персоналды басқару жөніндегі департамент Директоры, Alina Group