+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

KITF-2022 туристік көрмесі: мүмкіншіліктері мен шыңдары

20 сәуірде Алматыда «Атакент» ҚІЫО-да үш күндік KITF халықаралық туристік көрмесінің бірінші күні басталды. KITF қазақстандық халықаралық туристік көрмесі 2001 жылдан бері өткізіледі. Экспозиция Орталық Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң және елдің туристік саласының басты оқиғасы болып табылады. Көрме индустриясының сарапшылары B2B алаңының халықаралық стандарттарына сәйкес келгені үшін KITF-ке UFI (Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығы) сапа белгісін берген. KITF экспозициясының жыл сайынғы жағымды серпіні туристік қызметтер нарығының көрсеткіші болып табылады. Жүргізілген 19 жылдың ішінде, көрмеге әлемнің 63 елінің компаниялары мен ұйымдары қатысты. Дәл осы жерде халықаралық және жергілікті компаниялар нарықтың қажеттілігі мен тұтынушының қызығушылығын бағалайды, бәсекелестік ортаны зерттейді, пайданы арттырудың жаңа әсерлі құралдарын табады, одан арғы жұмыс стратегиясын құрады.

Oi-Qaragai қызметкерлері KITF-2022 көрмесінде  тұрушылықтың 7 түрі, тамақтану желісі және жыл бойғы 20 астам белсенділіктер негізінде жеке және MICE қонақтарының демалысын ұйымдастыру бөлігінде Курорттың барлық мүмкіндіктерін ұсынды. 

«Осындай деңгейдегі іс-шаралар қатысушылардың және Қазақстан нарығының беделіне оң әсерін тигізеді, бірігіп, елдің туристік брендін оның шекарасынан тыс жерде жылжытуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Курорттың PR менеджері Томирис Алпысова.