+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Kyrgyz Build 2022: кәсіпқойлардан кәсіпқойларға

Kyrgyz Build 2022: профессионалам от профессионалов

AlinEX кәсіби құрылыс қоспалары бренді ірі халықаралық көрмеге қатысты. KyrgyzBuild мамандандырылған құрылыс және интерьер көрмесі 19-шы рет Орталық Азия мемлекеттерінен 100-ден астам өндіруші-экспоненттерді қабылдады.

Биылғы жылы сәуірдің 22 бастап 28 дейін өтетін KyrgyzBuild Қырғыз Республикасының құрылыс индустриясында басты мамандандырылған оқиға болып табылады. Бұл іс-шара Орталық Азия өңірінде іскерлік байланыстарды орнатуға және нығайтуға, сондай-ақ компаниялар қызметінің көкжиектерін кеңейтуге керемет мүмкіндік береді.  

Биыл AlinEX бренді іс-шараға келушілерге қоржындағы мүлде жаңа өнімді – үйлер мен кеңселерде кертпелі-жиекті тақталардың негізіндегі қабырғаларды жасап шығаруға арналған кәсіби амалды ұсынды.

Кертпелі-жиекті тақталар (КЖТ) немесе блоктар – қапталдарында жиек (кертік) және кертпе жасалған тақта түріндегі арақабырғаларды тұрғызуға арналған ірі пішімді құрылыс материалы. 2022 жылы AlinEX екі түрдегі: толық құйма және қуысты гипсті КЖТ шығаратын өз өндірісін іске қосты.

Осы шешім төмендегі бірқатар себептермен дәстүрлі арақабырғаларға қарағанда тиімдірек болып табылады:

  • Гипсокартонға, қож-блоктарға, кірпішке және көбікблоктарға қарағанда бағасы тиімдірек;
  • Материалды өз қолыңызбен оңай құрастыра аласыз – жеткізгеннен кейін 1 сағат өткен соң қабырғаларыңыз жаңарып шыға келеді;
  • Дизайнерлік амалдарға арналған орасан зор мүмкіндіктер;
  • Дыбысты және жылуды оқшаулайды;
  • Үлкен салмақтарды көтере алады (сөрелер, интерьер заттары және т.б.);
  • Экологиялы және денсаулыққа мүлде зияны жоқ.

AlinEX – тек қана нағыз кәсіпқойларға арналған. Уақытпен сыналған.

АЙТПАҚШЫ.

«AlinEX көрме стендінің міндеті Брендтің бір уақытта имидждік және өнімдік мақсаттарына сай кеңістік құру болды. Стендтік имидждік бөлігі оның құндылықтары мен сипатын көрсетеді, оған қоса  AlinEX-ң 25 жыл ішіндегі жетістіктері туралы негізгі ақпаратпен толықтырылған. Көшбасшылықты растайтын деректер кәсіпқойлықты көрсететін визуалды бейнелер мен фирмалық стиль арқылы берілген. Стендтің өнімдік бөлігі AlinEX-ң жаңа өнімі – кертпелі-жиекті тақталардан жасалған. Стендтің бір бөлігі дайын тақталардан құрастырылған. Соның арқасында көрмеге келушілер өнімнің беріктік және басқа да сапа қасиеттерін сынай алады және дайын қабырғаларды өз қолыңмен құрастырудың оңай екенін көре алады», - Креатив, жарнама және РR бөлімінің дизайнері, Анастасия Суслова.   

Kyrgyz Build 2022: профессионалам от профессионалов

Kyrgyz Build 2022: профессионалам от профессионалов