+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Президент Alina Group обратился к казахстанским СМИ

 

Қазақстан Республикасының барлық мүдделі
бұқаралық ақпарат құралдарына

Alina Group Президенті 
Е. К. Балфанбаевтан

 

АШЫҚ ХАТ

Мен, Alina Group көпсалалы холдингінің негізін қалаушы Ерлік Балфанбаев, маған, менің бизнесіме және азаматтық ұстанымына қатысты ешкімнің болжамдары немесе бұрмалаушылықтары қалмау үшін барлық қазақстандық БАҚ-на үндеу жасап отырмын.

Мен 32 жыл бойы еңбек етіп келемін, сондықтан берген сұхбаттарымның саны бір қолдың саусағымен санарлық қана.  Менің бұқаралық ақпарат құралдарымен қатынастарымдағы жабық ұстанымым менің сөздің емес, бар болғаны іс пен нәтиженің адамы екеніммен байланысты. Алайда менің есімімді және Компаниямды атамас бұрын менімен келісу туралы өтінішімнің айналасында туындаған ауқымды қоғамдық резонанс мені бірқатар сауалдарды ашуға итермелеп отыр. Бұл сауалдарды менің қаржылық тұсымды іліп әкеткен бір де бір басылымның маған қоймағанына өзім таңғалдым.

Бизнесімді бастаған кезімде жасым 25-те болды. Маған тәрбие, білім және алуан түрлі мүмкіндіктерді берген Елім үшін материалдық құндылықтарды жасап шығару сияқты шынайы ниетімнің мені алға жетелегенін айта кетуім керек. Бастапқыда нақты қай бизнес түріне қабілетімнің бар екенін ұғына қоймадым. 1996 жылы, бірінші кезекте, пайда табу үшін емес, әр қазақстандық үшін қолжетімді болатын «еурожөндеу» жүргізу үшін құрылған AlinEX пайда болды. Брендтің жетістігі сапа үшін алған көптеген сыйлықтарда емес, қазақстандықтардың 10 пәтерінің 8-інде жөндеудің біз жасап шығарып жатқан өніммен жүргізілуінде.

Шығарылып жатқан өнімнің пайдалылық идеясына сүйене отырып, қалған ойыншыларды әлі күнге дейін бағындырып отырған жаңа брендтерді жасап шығара бастадық.

Қызметін 32 жыл бойы жалғастырып келе жатқан Alina Group осы уақытқа дейін барлық тиісті салықтарды, сондай-ақ мемлекет үшін ашық күйде көрсетілетін жалақыларды қызметкерлерге дер кезінде төлеп келе жатыр. Компания үшін бұл Еліне өз еңбегі арқылы 100% қолдау көрсетудің тағы бір жолы. Холдингтің тапқан табысының барлығы Ел ішіндегі және Елге арналған жобаларды дамытуға ғана инвестицияланды және инвестициянуда. Біздің идеяларымыз нақты экономика секторындағы қарапайым адамдарға бағытталған, біздің өндірістеріміз бірнеше өңірлерде қала құрушы өндірістерге, ал өнімдеріміз – тұтынушылардың сүйікті өнімдеріне айналды. Бұл өнімдерді мен емес, қарапайым адамдар өзі және өз жақындары үшін жасап жатыр.

Менің есімімді және Компанияның атауын рейтингтерге шығармас бұрын менімен келісу туралы менің өтінішім бар болғаны деректерді бұрмалауға жол бермеу ниетіммен байланысты. Мысалға, 2015 жылғы жарияланымдарда бізді мемлекеттен қаржы алды деген қате жазылған дерек бар. Іс жүзінде Компания алған қаржының барлығы екінші деңгейдегі банктерден пайызбен берілген және ешқандай өтеусіз қолдау туралы ешқашан бір де бір сөз айтылмаған.

Мені «олигарх» деп атайтындарға таңғаламын, себебі олигархия – бұл мемлекеттік биліктің ауыспайтын шағын адамдар тобында болатын автократия түрі. Мен мұндай топқа ешқашан кірмегенмін және қазір де оның құрамында емеспін.

Менің Компаниям ешқашан мемлекеттік билікке араласпаған. Менің жария адам болмауымның себебі қарапайым – жариялылыққа ықыласым жоқ. Мен ешқашан саясатқа да, билікке де кірмейтінімді білемін, себебі бизнеспен айналысқым келеді және Қазақстанның экономикасына өз үлесімді қоссам деген ниетім бар.

Мен халық үшін Елімізден тыс жерде де танымал өнімдер мен қызметтер түрінде игіліктерді жасап шығаратын жеке кәсіпкермін.

Менің ойымша, кез келген рейтингтер кәсіпкерлерді кейде тікелей қарама-қайшы болатын әртүрлі философиямен араластырып тастайды және көпшіліктің талқысына түсетін «арам жолмен байыған бизнесмендер бөлісу керек» деген тақырыптарды тудырады. Мен әрбір теңгемді маңдай теріммен таптым. Менің капиталым мүлде менің жол болғыштығымнан, мемлекеттік сатып алуларға қатысуымнан немесе бюджеттік қаражаттардан «асап» жібергеннен емес, күн сайын менің карьерлерім мен зауыттарымдағы кез келген жұмысшы сияқты жасап жатқан адал да ауыр еңбегімнің арқасында өсуде.

Менің бизнесім ешқашан, көбі болжап жатқандай, биліктің және «бұлыңғыр кардиналдардың» желеп-жебеуін көрмеген. Иә, біздің Елімізде, егер ашық, айқын жұмыс істесең және жылына бір рет емес, үнемі әр қызметкердің, сатып алушының және биліктің алдында шын адал болсаң ірі бизнес құруға болады. Осыны менің өмірден алған тәжірибем дәлелдеп отыр.

Сонымен қатар, неге екенін білмеймін, осы күнге дейін БАҚ бір де бір өкілі маған қоймаған сұраққа жауап бергім келіп отыр. Неліктен Alina Group «Қазақстан халқына» Қорына қаржы салмады? Кейбір БАҚ бұны көзқамандық па әлде сараңдық па деп бас қатырып отырғанда, осы сұраққа өзім нақты жауап бермекпін. Оның бірнеше себебі бар:

  1. Компанияның күрделі ағымдағы жағдайы. Жағдайдың бұлай болуына пандемиялық шектеулер, әлемдік жеткізілімдер тізбектеріндегі іркілістер, теміржол тасымалдарына және сатып алынатын шикізат компоненттеріне бағалардың айтарлықтай қымбаттауы алып келді. Қазіргі сәтте біз 2008 жылғы дағдарыс кезіндегідей мыңдаған қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр болмау үшін шешімдерді іздеудеміз. Соңғы 30 жылдың ішінде орын алған дағдарыстарды еңсеру тәжірибеміз жарқын болашаққа нық сенімімізді тудырып отыр.
  2. Мұндай бастамалардың болу тәжірибесінің көбісінің бөлініп жатқан қаржының оған мұқтаж адамдарға жетпейді деген күмәнін тудырып отырғанына сенімдімін. Өкінішке орай, дәл сол БАҚ-нан игі ниетпен жасалған «асап алу» және ұрлау оқиғалары туралы біліп жүрміз. «Қазақстан халқына» Қорының құрылымы, есімнамасы нақтыланып және қаражаттарды пайдалануды бақылауда ашықтық пайда болғанға дейін қалпымызға келіп, қаржылық қатысу мәселесін қарай алатын жағдайға жетеміз деп ойлаймын. Қор оған ерікті түрде қатысуға шақырады. Бұл бізге өз бетімізше таңдау жасауға мүмкіндік беріп отыр: күрделі қаржылық жағдай орын алып жатқан кезде қызметкерлерді жаппай қысқартуды немесе беделге қатысты жанжалды таңдауға тиіспіз. Біз екіншісін таңдадық, өйткені біз әрдайым өз қызметкерлерімізді жағындамыз. Одан басқа, жақын арада мемлекеттік бизнеске қатысты ұстанымын білдіре отырып, Қордың басқа дамыған мемлекеттердің тәжірибесін қабылдайтынына сенімдімін.   Біздің шынайы өмірімізде сондай-ақ белсенді қайырымдылық қызмет жүргізіп жатқан компанияларға салық салу мөлшерлемелерін азайту және даму жобаларына несие бөлуде пұрсаттылық беру орынды болуы мүмкін.
  3. Біз қаржы бөлуден бас тартқан жоқпыз, біз «Атамекен» ҰКП мен Алматы қ. Әкімдігіне құрылыс материалдарымен көмек көрсетуді ұсындық. Осы кезге дейін сондай көмекті тұрақты түрде көрсетіп те келе жатырмыз. Қайырымды істерді жария ету әдетіміз жоқ және мен әрдайым жария түрде қайырымдылық жасауға қарсы болғанмын. Алайда БАҚ-на қолайлы болу үшін біз кеше Компанияның 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы толық емес әлеуметтік жобалары туралы ақпаратты бір бетке ақпаратты жинап қойдық: https://alina.kz/site/page?page_id=23. Қазіргі сәтте біз Алматы қаласының Абаттандыру департаментінен құрылыс-әрлеу материалдарына мұқтаж объектілер тізімін күтіп отырмыз.  

Қорыта келе, мен кез келген зайырлы мемлекеттің төртінші билігі ретінде БАҚ өкілдеріне айарым бар. Менің пікірімше, қоғамдық санаға БАҚ пен Бизнестің бар күш-жігері мен қабілеттерін азаматтық қоғамды шынымен де толғандырып жүрген жауаптарды іздеуге бағыттасақ қана тиімді әсер ете аламыз:

  1. «Қаңтар Оқиғасын» тергеуді толық ақпаратты ашықтықты, объективтілікті және заңдылықты қамтамасыз ете отырып, тез арада аяқтау.
  2. Өткен 30 жылдың ішінде халықтан ұрланған жүздеген миллиард долларды қайта тонаудан қорғау механизмін әзірлей отырып қайтару бойынша белсенді жұмысты барынша тез бастау.  
  3. Мемлекеттің саяси, экономикалық, сот, құқық қорғау, әлеуметтік, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы реформаларын қамтамасыз ету бойынша жұмысты тез арада бастау.

БАҚ пен Бизнестің күш-жігерін біріктіру Мемлекетке реформаларлы іске асыруға және Елімізде аз уақыттың ішінде тәртіп орнатуға көмектеседі.

Құрметпен,
Ерлік Балфанбаев