+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Alina Group-ң жыл қорытындылары

2020 жылғы 5 желтоқсанда Alina Group-ң құрылғанына 31 жыл толды. Қазақстанда мұндай баянды қызметін мақтан ете алатын компаниялар саусақпен санарлық.

Осы үш онжылдықтың ішінде Компания бүкіл мемлекет пен әлемді дүр сілкіндірген 9 дағдарысты еңсере алды. Нақтырақ айтар болсақ, қаржылық өзгерістер, бүтіндей нарықтардың құлдырауы, биліктің ауысуы бұл Компанияға кедергі болған жоқ. Алайда осылардың барлығын біз басымызды мақтана жоғары көтере жүріп жеңдік. 2020-жыл бүкіл әлем үшін күтпеген оқиғаларға толы болды. Миллиондаған адам жұмысынан айрылды, мыңдаған компания жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша осы кезеңнің ішінде 385 қазақстандық компания, олардың ішінде бес ірі кәсіпорын, 30 орта және 350 шағын кәсіпкерлік субъектілері банкроттыққа ұшырады. Ресми статистика бойынша, сондай-ақ қазіргі кезде тағы 2 934 компания банкроттыққа құжат рәсімдемек. Тағы 45 328 заңды тұлға қазір қызметін тоқтатып отыр.

Alina Group осы дағдарысты бастан кешіре алған және тұрақты динамиканы ұстап тұрған аздаған компаниялардың бірі болды.

2020 жылы біз көптеген жобаларды ойдағыдай іске асырдық. Айта кетсек:

Локдаун кезінде бизнес-үдерістерді реактивті түрде қайта құрдық және Domsad интернет-гипермаркетінің арқасында өнімімізді қазақстандықтарға жеткізуді тоқтатпадық.

Тұрмыстық химияның Doctor Green алғашқы қазақстандық брендінің өндірісін қайта іске қостық.

Ең әдемі брендтеріміздің бірінің - Decorex сәнді бояулар мен сылақтар брендінің ребрендингін жасадық.

Sap Success Factors-ты іске қостық.

Ақтөбе қаласында жаңа өндірістік желі аштық.

Oi-Qaragai шипажайының базасында бүкіл әлем бойынша 50 телеарнада таратылған тау-шаңғы фристайлынан әлем кубогының кезеңін өткіздік.

«Қазақстандағы ең экологиялы өндіріс» сыйлығына ие болдық және біздің екі кеңсеміз «Еліміздегі ең экологиялық кеңсе» республикалық конкурсында жеңіске жетті.

Қазақстандағы ең үлкен тау велопаркін аштық.

AlinEX науқанына қатысушыларға 1800 сыйлық ұсындық және жанұясы жарылыс кезінде зардап шеккен Арыс қаласының тұрғынына бас жүлде – автомобиль сыйладық.

Осы қиын-қыстау жылы мүшкіл жағдайда қалған 40-тан астам ұйымдар мен жеке тұлғаларға материалдық көмек көрсеттік.

Біздің қызметкерлеріміз 20-дан астам телесюжеттерге сала сарапшылары ретінде қатысты және біз туралы БАҚ-да 90 реттен астам рет мақала жарияланды.

Шипажайлардың арасында бізге ғана «Орел и Решка» тележобасы келіп кетті, соның арқасында шипажай ТМД-ң 300 миллионнан астам тұрғынынан құралатын аудиторияға танымал болмақ.

Бір жылдың ішінде біз құрылысшыларға, журналистерге, дизайнерлерге, студенттерде және медиасала өкілдеріне барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, біздің брендіміздің атынан 20-дан астам іс-шара өткіздік.

Біз биылғы жылды ешқандай қиындыққа қарамастан жемісті ете алдық!

Alina Group: Өзіңе сен және жеңіске жет.