+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Oi-Qaragai-ның жасаған игі істері

2020 жылғы 7-желтоқсанда Шипажай ерекше кішкентай Қонақтарын, аутизмі бар балаларға арналған «Асыл Мирас» оңалту орталығының тәрбиеленушілерін қарсы алды. Бұл интерактивті ақпараттық тур Шипажайымыздың әлеуметтік қызметінің аясында өтті Alina Group-ң игі істерінің біріне айналды.

Шипажай қызметкерлері күні бойы «UGUSHA» балалар орталығының ойын алаңында және шеберханаларда балақайларға арнап көңілді ойындар ұйымдастырды, 19 үйретілген ат пен 2 пони жайлы жағдайда баптап ұсталатын Oi-Qaragai ат орталығымен экскурсия өткізді, сондай-ақ «Лесная сказка» отбасылық кафесінде дәмді тағамдарға толы дастарқаннан дәм татқызды.

Ересектердің мұқият бақылауымен балалардың табиғатпен жанасуының және таза ауада уақыт өткізуінің олардың психоэмоциялық және дене күйіне оң әсер ететініне, ал күні бойы жасалған есте қаларлық фотосуреттердің керемет өткізілген демалыс туралы ешқашан ұмыттырмайтынына сенімдіміз.