+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

AlinEX өндірісіне алғашқы баспасөз туры

2020 жылғы 7 қазанда кәсіби құрғақ құрылыс қоспаларының ең танымал қазақстандық бренді AlinEX –ң 24-жылдығына орай «Alina Group» өкілдері Компаниялар Тобының 12 зауыттарының бірінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап алғашқы ашық баспасөз турын өткізді.

Баспасөз турының аясында Қонақтар шикізат өндіруден бастан дайын өнімдерді жеткізуге дейінгі технологиялық сатылармен танысты, өндірістік алаңдар мен қаптау конвейерлеріне барып қайтты, экологиялық стандарттар мен сапаны бақылаудың 5 деңгейінің сақталып жатқанын өз көзімен көре алды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне зауыттың өз зертханасында өнімдердің беріктік және иілгіштік маркаларының қалай сыналатыны көрсетілді, сондай-ақ ірі сатып алушылар мен құрылыс корпорациялары үшін елдегі ең үздік сүрлемдік-көліктік логистиканы құру қағидаттары туралы айтылды.

AlinEX Қазақстанның құрылыс-әрлеу материалдар нарығындағы алғашқы отандық бренд болып табылады. 10 қазақстандық азаматтың жиырмасы өз пәтерлерін жөндеу кезінде AlinEX өнімін қолданады. Барлық технологиялық үдерістердің бақылануының және оқыту, технологиялық сараптама және кеңес беру бөлімінің кеңес беру қызметінің арқасында бренд дайын өнімге 20 жылға кепілдік бере алады.

«Alina» КТ туралы барлық егжей-тегжейлі ақпаратты https://alinex.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда көруге болады.

Майя Леонова, «Alina Group» Жарнама және PR бөлімінің Бастығы
тел:+7 (727) 330-37-00 (ішкі 1417), Ұялы тел.: +7 705 625-25-28