+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

Қазақстандағы ең ірі байк-парк медиа-сала жұлдыздарын қабылдады

2020 жылғы 2 қыркүйекте «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» жаңа және ең ірі байк-паркінде БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған шытырман оқиғалы баспасөз туры өтті.

Бұл кездесуді өткізуге шипажайдың он жылдығына арнап байк-парк пен RIDE-School ашылуы себеп болды. Қонақтар трассалар мен құрал-жабдықтардың сапасын, нұсқаушылар құрамының дайындығын өздері тексерді.

3 жастан бастап үйретілетін жаңадан үйренушілер мен кәсіпқойларға арналған RIDE SCHOOL 8-шақырымдық трассалар, озық әлемдік брендтердің велосипед жабдықтарын жалға алу – осының барлығы енді шипажай қонақтарына қолжетімді болып отыр.

Әсерлі шытырман оқиғаларға құмар қонақтардың барлығын су жаңа: 1 қызыл және 2 көк күрделілік деңгейіндегі Flow trail және Downhill трассалары күтіп тұр. Тау велоспортының әуесқойлары арқан жолымен велосипедпен көтерілу және бақшалар, шырша тоғайлары, панорамалық жоталар, қырлы баурайлар арқылы өтетін көркем шатқал маршруттарымен төмен қарай түсу мүмкіндігін жоғары бағалайтыны анық. Арқан жолының велосипедтерге арналған арнайы бекітпелермен жабдықталғанын айта кету керек. Бұл райдерлерді құрал-жабдықтарды арқалап жүру қажеттігінен босатады.

Күрделілік деңгейі әртүрлі трассаларда тәжірибелі райдерлер жылдамдықты 60 км/сағ дейін көтере алады. Осы бір белсенді демалыс түріне қызығушылығы оянған қонақтарымызға нұсқаушылар штаты таулы аймақпен жүрудің негізгі тәсілдерін: секіруді, бұрылуды, контреңістерді еңсеруді, табиғи кедергілері бар ландшафтпен жүруді үйретеді.

Баспасөз турының басынан аяғына дейін Қонақтармен бірге 4 кәсіби нұсқаушы мен 2 тәжірибелі құтқарушы еріп жүрді. Олар іс жүзінде шеберліктің және жарақат алмаудың қыр-сырларын үйретті.

Oi-Qaragai Lesnaya Skazka-ң барлық аттракциондары туралы барлық егжей-тегжейлі ақпаратпен www.oi-qaragai.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда танысуға болады.

Майя Леонова, «Alina Group» Жарнама және PR бөлімінің бастығы.
тел: +7 (727) 330 37 00 (ішкі 1417), Ұялы тел.: +7 705 625 25 28