+
Alina

Қызу желі

6500
РУСҚАЗENG
Меню

26 ақпан күні параллель могул және шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогы Кезеңдерінің Қазақстанда, Алматы қаласында ұйымдастырылуы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Халықаралық Шаңғы спорты Федерациясының (FIS) өкілдері жарыс дайындығының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

2020 жылдың 28 ақпанында «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» Тау Курорт қонақ үйінде шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының Кезеңі тұңғыш рет өтетінін, ал 2020 жылдың 1 наурызында «Шымбұлақ» Тау Курорты параллель могул бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының Кезеңін кезекті рет қабылдайтынын еске сала кетейік.

Шаңғы акробатикасы бойынша жарысқа 7 ел, параллель могулдан ұйымдастырылатын сайысқа 14 ел қатысады.

Фристайлдан FIS Әлем Кубогы Кезеңдері тікелей эфирден көрсетіледі.

Бүгін бірінші ресми жаттығу өтті. 27 ақпанға екінші жаттығу күні белгіленген.

Параллель могулдан жаттығулар 28-29 ақпанда өтеді.

Ауа райы қолайлы болып тұр, достар, бәріңізді күтеміз!